«Бір ел –бір кітап» акциясы

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

«Бір ел – бір кітап» акциясының тарихы :

2022 –  А.Байтұрсынұлының  ғылыми мұрасы,  әдеби шығармалары, қанатты сөздері.

2021 – “Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап”

2020 – Абай Құнанбаев шығармалары, Әбу Насыр Әл-Фараби “трактаттарын” оқу таңдап алынды.

2019 жылдың жыл кітабы болып Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» және Ә. Тәжібаевтың өлеңдері таңдалды.

2018 – Н.Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» , Б.Момышұлы «Ұшқан ұя», Ш. Құдайбердіұлының поязиясы

2017 – С. Торайғыров шығармалары

2016 – Д.Бабатайұлының шығармалары

2015 – И.Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясы

2014 – С.Мұратбеков «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның…»

2013 – Ф.Оңғарсынова «Дауа»

2012 – О.Бөкеев шығармалары

2011 – Ж. Аймауытов  «Ақбілек» романы

2010 – Ж. Молдағалиев «Мен – қазақпын»

2009 – М.Жұмабаев  лирикасы

2008 – М. Әуезов  «Қилы заман»

2007 – Абайдың   «Қара сөздері»

 

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games