Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университет ікітапханасында «Оқуға құштар университет» жобасы аясында ұйымдастырылып келе жатқан «Әр аптада бір шығарма» айдары өз жалғасын табуда. Аталған игі бастама – отандық қаламгерлердің шығармаларын кеңінен насихаттап, кітап оқу мәдениетін дамытып, жастарарасындакөркемсөзге, руханиятқа деген қызығушылықты арттыруды мақсат етеді.
06 мамыр 2025 жылы бұл шара ерекше форматта өтті. Жасыл желекке оранған университетіміздің көркем табиғаты аясында, ашық аспан астында өткен кездесу барысында Шыңғыс Айтматовтың «Қызыл орамал» әңгімесі терең талданып, шығармадағы махаббат, адамгершілік, ерлік сынды мәңгілік құндылықтар төңірегінде әсерлі пікірлер айтылды. Әңгіме желісімен ән шырқалып, өлеңдер оқылып, тыңдаушылар жүрегін тебірентті.
Сондай-ақ бұл күн – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр жеңіс күнімен тұспа-тұскеліп, білімгер ер бабаларымыздың ерліктеріне тағзым етті.
Кеш соңында шараға қатысушылар жайылған ақ дастарханнан дәм татып, «Руханият» клубының бітіруші түлектеріне ақ жол тіледі. Осылайша, 2024–2025 оқу жылындағы әдеби маусымымыз 16-шығарма талдауымен өз мәресіне жетті.