Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті кітапханасы 23 сәуір –Ұлттық кітап күніне орай ауқымды кітап көрмесін ұйымдастырды. Сонымен қатар, белсенді студенттер арасында kahoot платформасы арқылы қазақ жазушыларының шығармалары негізінде «Үздік оқырмандарды» анықтау мақсатында оқырмандар сайысы өткізілді.