Наурыз айының 12 жұлдызында Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент кампусы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің оқытушылары мен магистранттар үшін университет кітапханасының электронды ресурстары бойынша ауқымды вебинар ұйымдастырылды. Вебинар барысында Cochrane Library, IPR SMART, E-UNI.KZ т.б. платформалары таныстырылды. Қатысушыларға платформаларға тіркелу, ғылыми мақалалар мен оқу материалдарын іздеу, оларды тиімді қолдану жолдары көрсетілді. Қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, пайдалы кеңестермен бөлісті.