Деканның хабарламасы
Құрметті білім алушылар, әріптестер және Медицина факультетінің қонақтары!
Сіздерді 2026–2027 жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Медицина — терең білімді, үздіксіз ізденісті, үлкен жауапкершілік пен адамгершілікті талап ететін ерекше мамандық. Біздің факультеттің басты мақсаты — заманауи медициналық білім мен клиникалық дағдыларды меңгерген, ғылыми ойлайтын, кәсіби және адами құндылықтарды жоғары қоятын білікті мамандар даярлау.
Жаңа оқу жылында біз білім сапасын арттыруға, ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және білім алушыларымыздың кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ерекше назар аударамыз.
Құрметті студенттер! Университет қабырғасындағы әр күніңізді білім алуға, ізденуге және өзіңізді дамытуға пайдаланыңыздар. Болашақ дәрігердің кәсібилігі тек біліммен ғана емес, пациентке деген құрметімен, жауапкершілігімен және адам өміріне деген жанашырлығымен өлшенеді.
Баршаңызға жаңа оқу жылында зор денсаулық, шығармашылық ізденіс, табандылық және жаңа жетістіктер тілеймін!
Білім. Ғылым. Адамгершілік.
Медицина факультетінің деканы
м.ғ.к., профессор
Г.О. Нұсқабаева
«Жұптасқан жүректер – түлектер!» фестиваліне шақырамыз
Диссертациялық жұмысты алдын-ала қорғау
8D101-Денсаулық сақтау даярлау бағыты бойынша алдын ала іріктеу кезеңіне құжат қабылдау.
Хабарландыру 