shape
shape

Факультет тарихы

Тарихымыз

Экономика және басқару факультетіне қарасты кафедралар 1991 жылы университет ашылған алғашқы күннен бастап мамандар даярлап, еліміздің экономикасы мен халықаралық қатынастар саласының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Экономика факультетінің тұңғыш деканы А.Ризаходжаев, одан кейінгі жылдары факультетімізді А.Ищанов, М.Расулов, Б.Мырзалиев, С.Ыдырыс, М.Топлу, Э.Батмаз, Ю.Челик, Б.Байрам, А.Құралбаев, Г.Момбекова, С.Баймағанбетов, Д.Келесбаев, Ж.Акимов, Й.Узун басқарды. Қазіргі таңда факультетіміздің деканы қызметін Анламасова Макпал Касымхановна атқарып келеді. Алғаш факультет құрылған жылы жалғыз Экономикалық теория және халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасы ғана болған болса, қазіргі таңда факультетімізде Экономика, қаржы және есеп, Менеджмент және туризм, Халықаралық қатынастар кафедралары қызмет беруде.