Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Заң факультеті студенттерінің тұрмыстық жағдайы зерделенді

Заң факультетінің ұйымдастыруымен №2 ерлер жатақханасында студенттердің тұрмыстық және әлеуметтік жағдайын зерделеуге бағытталған кездесу өтті.

Іс-шараға топ белсенділері, Студенттік декан және Ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Першеев Алишер Сапарбекович қатысты.

Кездесу барысында жатақханада тұратын Заң факультетінің студенттерімен жүздесіп, олардың тұрмыстық жағдайы мен жатақханадағы әлеуметтік-тұрмыстық ахуалына назар аударылды. Сонымен қатар, білім алушылармен еркін форматта пікір алмасып, оқу үдерісі, жатақханадағы жағдай, күнделікті тұрмыс және студенттерді алаңдататын мәселелер талқыланды.

Іс-шара барысында студенттердің ұсыныс-пікірлері мен талап-тілектері тыңдалып, оларды толғандыратын мәселелерді шешу жолдары бойынша өзара пікір алмасты.

Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің жағдайын тікелей зерделеу, олардың мәселелеріне құлақ асып, қажетті қолдау көрсету, сондай-ақ факультет пен білім алушылар арасындағы өзара байланысты одан әрі нығайту.

Мұндай кездесулер студенттердің пікірін ескеріп, олардың оқуына, өмір сүруіне және жан-жақты дамуына қолайлы жағдай қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге мүмкіндік береді.