1-КУРС БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЕН ТАНЫСУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінде жаңа оқу жылына орай 1-курс білім алушыларымен танысу кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу Лесбек Ташимов атындағы залда өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – университетке жаңадан қабылданған білім алушыларды факультеттің құрылымымен, басшылық құрамымен, кафедраларымен және оқу процесінің ұйымдастырылу тәртібімен таныстыру, сондай-ақ студенттік өмірге бейімделуіне қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету. Іс-шара барысында білім алушыларға университеттегі оқу процесінің ұйымдастырылуы, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері, ішкі тәртіп ережелері, академиялық талаптар және оқу барысына қатысты маңызды мәселелер түсіндірілді. Сонымен қатар факультеттің құрылымы, кафедралардың қызметі және білім алушыларға көрсетілетін оқу-әдістемелік қолдау туралы ақпарат берілді. Кездесу барысында факультеттің жаңа деканы, ғылым кандидаты, доцент Зулпыхарова Эльмира Умирзаковна өзін таныстырып, білім алушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, университет қабырғасында сапалы білім алып, белсенді студенттік өмірге атсалысуға шақырды.
Сонымен қатар білім алушыларға факультеттің әкімшілік құрамы таныстырылды:
- Оқу ісі жөніндегі декан орынбасары - магистр, оқытушы Бакирова Закира Абужусиповна;
- Ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары- магистр, оқытушы Алмазұлы Шыназ;
- Ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары, Тарих кафедрасының меңгерушісі - ғылым кандидаты, аға оқытушы Джумадуллаева Асель Нурдуллаевна;
- Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының меңгерушісі - PhD, аға оқытушы Сұлтанбек Мәлік Жұпанбекұлы;
- Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі - PhD, аға оқытушы Ауезов Батырхан Нағашбекұлы.
Кездесу барысында 1-курс білім алушыларына факультет құрамындағы кафедралар, олардың білім беру бағыттары, оқу процесіндегі атқаратын қызметі және кафедралармен байланыс жасау тәртібі туралы толық мәлімет берілді. Сонымен қатар білім алушыларға факультетте оқу барысында туындайтын мәселелер бойынша деканатқа, кафедраларға және жауапты оқытушыларға жүгіну тәртібі түсіндірілді. Студенттердің университеттің қоғамдық, ғылыми, мәдени және тәрбиелік іс-шараларына белсенді қатысуының маңыздылығы атап өтілді. Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, факультет басшылығы тарапынан тиісті жауаптар алды. Бұл өз кезегінде 1-курс студенттерінің жаңа оқу ортасына бейімделуіне және университет өміріне белсенді араласуына мүмкіндік берді. Факультет басшылығы білім алушыларға жаңа оқу жылында оқуда жоғары жетістіктерге жетіп, шығармашылық ізденістерге, ғылыми жұмыстарға және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуларына тілектестік білдірді.
Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті барлық 1-курс білім алушыларына жаңа оқу жылында сәттілік, сапалы білім, жаңа жетістіктер және студенттік өмірде жарқын бастамалар тілейді! Жаңа оқу жылындағы алғашқы қадамдарыңыз сәтті болсын!
Жаңа студенттік декан сайлауы!
Емтихан кестесі
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ
Ұлттық кітап күні
Қазіргі заман трендтермен мотивация
Ғылыми жобаны орындау барысында пәнаралық зеттеулердің маңыздылығы: Култөбе қалашығы негізінде
Таза Қазақстан жасыл болашаққа қадам 