«Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары: кафедра құжаттарын дайындау және сәйкестікті қамтамасыз ету алгоритмі» тақырыбында семинар өтті.
Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінде факультет Оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы Хазретәліқызы Райгүлдің ұйымдастыруымен «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары: кафедра құжаттарын дайындау және сәйкестікті қамтамасыз ету алгоритмі» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – білім беру қызметін жүзеге асыру барысында қойылатын біліктілік талаптарын түсіндіру, кафедра құжаттарын белгіленген талаптарға сәйкес дұрыс дайындау, жүйелеу және олардың сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша әдістемелік бағыт-бағдар беру.
Іс-шара барысында білім беру қызметіне қойылатын негізгі біліктілік талаптары, кафедра құжаттарын талаптарға сәйкес әзірлеу, жүйелеу және рәсімдеу мәселелері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар құжаттардың мазмұны мен сапасына, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне және қажетті ақпараттардың толық қамтылуына ерекше назар аударылды. Семинар барысында кафедралардың құжаттарды дайындау деңгейі талданып, анықталған мәселелерді жетілдіру жолдары қарастырылды. Сондай-ақ алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстар, құжаттарды сапалы дайындау және өзара іс-қимылды тиімді ұйымдастыру бағыттары айқындалды. Семинарға факультет кафедраларының меңгерушілері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті және құжаттарды дайындау мен талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Іс-шара соңында қатысушылар үшін практикалық тұрғыдан маңызды мәселелер нақтыланып, кафедралардың алдағы жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыруға бағытталған нақты ұсыныстар берілді.
Семинар білім беру сапасын арттыру, кафедралардың құжаттамалық жұмысын жетілдіру және белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болды.
Жаңа студенттік декан сайлауы!
Емтихан кестесі
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ
Ұлттық кітап күні
Қазіргі заман трендтермен мотивация
Ғылыми жобаны орындау барысында пәнаралық зеттеулердің маңыздылығы: Култөбе қалашығы негізінде
Таза Қазақстан жасыл болашаққа қадам 