«Жоғары оқу орындары кітапханаларының дамуының заманауи әлемдік трендтері» тақырыбында 10-шы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

   Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында «Жоғары оқу орындары кітапханаларының дамуының заманауи әлемдік трендтері» тақырыбында 10-шы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Халықаралық конференцияға 8 шет елден арнайы делегаттар мен республиканың жоғары оқу орындары кітапханаларының директорлары мен баспасөз өкілдері қатысты.

Шараның ашылу салтанатында Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Ержан Әмірбекұлы министрлікте осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Халықаралық шарада университет  ректоры Жанар Амангелдіқызы, ректордың өкілі Женгиз Томар келген қонақтарға алғысын айтып, кездесудің маңыздылығына тоқталып, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Конференция барысында қонақтар университет кітапханасымен танысып, оқырмандар үшін заманауи жағдайларды (кітаптардың ашық қоймасы, жеке кабиналар, ақпараттық кеңістіктің қолжетімділігі және т.б.) тамашалап, үлкен әсер қалдырды. Кітапхана жұмысы әріптестер тарапынан жоғары бағаланды. Конференция барысында университет кітапханаларын дамытудың қазіргі әлемдік үрдістері туралы сарапшылардың пікірлері жинақталып, түрлі ұсыныстар айтылды.

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games