Түркиялық кітапхана басшылары университетімізде

Түркия Республикасы Президенті әкімшілігі жанындағы Ұлттық кітапхана директоры Айхан Туғлу мен аталмыш кітапхана директорының орынбасары Мете Устабулут университетімізге арнайы қонақ болды. Мәртебелі меймандар кітапхананың конференция залында университет ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кітапхана директоры Ақмеруерт Абсеметова университет кітапханасының тыныс-тіршілігімен таныстырып өтті.
Түркия Президенті әкімшілігі жанындағы ұлттық кітапхана директоры Айхан Туғлу ыстық ықыласпен қарсы алған ұжымға алғыс білдірді.
Құрметті Қонақ Айхан Туғлу: «Қазақстан дегенде ойымызға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев түседі. Сондықтан Ахмет Ясауи кітапханасы шаңырағында сіздермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Қазақстанды Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын. Қазақтар біз үшін бауыр, Атажұртымыз. Түркияның ең ірі кітапханасында Қазақстан бұрышы бар», — деді.

Қонақтар оқу ордамыздың лебіздер кітабына өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Жиын қорытындысы бойынша университет кітапханасы мен Түркия Президенті Әкімшілігі жанындағы Ұлттық кітапханасы арасындағы достық, әріптестік байланыстар нығаятын болады. Университет кітапханасының жетекшісі Ақмеруерт Абсеметова алдағы уақытта түркиялық әріптестермен жан-жақты ынтымақтастық аясында жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games