Түркияда университет кітапханалары қауымдастығының конференциясы өтті

Түркия Республикасының Анталия қаласында ANKOSLink 2021 университет кітапханалары қауымдастығының конференциясы өтті. Халықаралық шараға университетіміз кітапханасының директоры Ақмеруерт Абсеметова қатысты. Конференцияның негізгі мақсаты – кітапхана ісін дамыту, кітапхана мамандарының халықаралық деңгейде іс-тәжірибе алмасуы (кітапханадағы жаңа үрдістер, кітапханадағы жаңа трендтер, инновациялық жаңашылдықтармен алмасу, кітапхана мамандарын дайындаудағы академиялық мобильдік, халықаралық кітап алмасу мүмкіндіктерін қарастыру, т.б.).
ANKOS президенті, доктор Гүссүн Гүнеш бірлесе жұмыс жасауға шақырып, Түркия және Қазақстан Республикалары арасында жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастықтарының меморандумын жасау ұсынысын білдірді.
Сапар барысында Түркия Республикасының басқа да ірі кітапханаларымен танысудың сәті түсті. Мүмкіндік аясында Түркия Президенті әкімшілігі жанынан ашылған Ұлттық кітапхананы аралап, жұмысымен танысу жүзеге асты. Ұлттық кітапхана әлемнің ең озық жаңа технологияларымен жабдықталған. Кітапхана ісінің ең үздік үлгісін көрсетіп отырған кітапханамен терең танысу барысында үлгі алатын тұстарының көптігіне назар аударылды.
Сонымен қатар, университетіміз Өкілетті Кеңесінің Төрағасы, профессор Мухиттин Шимшек кітапхана жетекшісін арнайы қабылдады. Жүздесуде Өкілетті Кеңес Төрағасына университет кітапханасы жайлы мәлімет берілді.
Университет басшылығының қолдауымен жүзеге асқан сапар нәтижесінде қол жеткізген тәжірибелер университет кітапханасындағы қызмет сапасын арттыруға жұмсалатын болады.

   

 

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games