«Поэзия, менімен егіз бе едің?» түнгі поэзия кеші өтті

Кітапханамызда  «Поэзия, менімен егіз бе едің?» түнгі поэзия кеші өтті. Кітапхананың «Руханият» клубы ұйымдастырған поэзия кешіне университет ректоры Жанар Амангелдіқызы Темірбекова, кітапхана директоры Ақмеруерт Абсеметова мен ұжым мүшелері, жыр сүйер жастар қатысты.
Университет ректоры Жанар Амангелдіқызы жыр кешін ашып, кешке арқау болған ақиық ақын Мұқағали Мақатаев поэзиясының құндылығына тоқталды. Дархан дарын иесі махаббат жыршысы ретінде мөлдір сезімді жырлап, әсіресе, жастардың сүйікті ақынына айналғанын атап өтті.
Жанар Амангелдіқызы айрықша кештің куәсі болғаны үшін ұйымдастырушыларға алғыс сезімін жеткізді.
Жыр кешінде студент жастар Мұқағали Мақатаев жырларын жатқа оқып, ақын поэзиясының сырына үңілді.

 

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games