Кітапхана қоры 203 дана оқулықпен толықты

Бүгін оқу ордамыздың ғылыми кітапханасының қоры 203 дана экономика ғылымдарына қатысты оқулықтармен толықты.
Университеттің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында э.ғ.докторы, профессор Бораш Смайылұлы кітапхана қорына 34 атаудағы 203 дана кітапты сыйға тартты. Кітаптардың барлығы өз өзектілігін жоймаған ғалымның монографиялары, оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары.
Құнды сыйлыққа алғысын білдірген ғылыми кітапхана директоры Ақмеруерт Абсеметова университет ашылғалы Бораш Смайылұлы кітапхана қорын толтыруға үлкен үлес қосып келе жатқанын ерекше айта келіп, бүгінгі күнге дейін ғалым 3660 кітапты сыйға тартқанын жеткізді.
«Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» – деп, Әбіш Кекілбаев айтқандай білім қуған адамға кітапхана мен кітап ауадай қажет. Бораш Смайылұлының бүгінгі баға жетпес сыйлығы жастарымыздың білім көкжиегін кеңейтуге өз үлесін қосары сөзсіз.

 

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games