Шымкент кампусы

    Жоғары білімнен кейінгі білім алушыларға кітапхана  тұрақты түрде қызмет көрсетуде. Білім алушылардың мамандығына сай кітап қорымен (оқулықтар, оқу-әдістемелік материалдар, ғылыми әдебиеттер, анықтамалықтар, терминологиялық сөздіктер, мерзімдік басылымдар, цифрлық тасымалдағыштардағы электронды оқулықтар қорымен) жабдықталған және ұдайы жаңартылып отырады. Жалпы кітап қоры 56543 дана.Білім алушылар мен  профессор-оқытушылар құрамына  ақпараттық қызметтің барлық түрі, жаңа түскен материалдармен  ақпараттық күндер өткізу, сұраныстарына лайық ақпараттық- библиографиялық қызметтер жүргізіледі. Кітапхананың жұмыс жоспарына сай жылдың атаулы  күндеріне  ауқымды іс-шаралар (кітап көрмелері, шолу, тақырыптық кештер мен әдеби конференциялар ұйымдастырылып отырады.

    Президентіміздің Қазақстан халқына жолдауы  мен мақалаларына  арналған басылым көрмелері оқырмандар назарына   ұсынылып, білім алушылар танысып өтті.

     Кітапхана оқырмандарына арналып  18 қазан 2022ж. «Елімнің ерен асуы»  атты тақырыптық кеш, ауқымды кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітап көрмесі жанында шолу жасалынды. Қазақстанның осы Тәуелсіздік алған кезеңінен бастап жеткен жетістіктері және елдегі ауқымды өзгерістер, тарихи өткелдердегі елдің жаңарып, жаңа қырынан көрінген барлық жолдарына  толық тоқтала отырып, шолу барысында маңызды алға жылжулар, экономикалық және саяси даму жолындағы айтулы кезеңдер жағы кеңінен  айтылды. Еліміздің әрбір асқан асуында топ жарып биіктен көрінген жастарымыздың да жетістіктеріне тоқталып өттік. Сонымен қатар өзіміздің оқу орнының да жаңа жетістіктері жайлы айтылды, бідім алушыларымыздың да қосқан үлестері, білімдегі жетістіктеріне тоқтала өттік. Кітап көрмесінде көрмеленген материалдар бірнеше күн бойы сол кітап көрмесінде оқырмандардың жете танысуына  мүмкіндік берілді.

  Шымкент кампусы кітапханасында үш қызметкер (екі кітапханашы, бір кітапхана – операторы) оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетеді.

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games