Қожа Ахмет Ясауидің өмірі

Қожа Ахмет Ясауи — сопылық ағымның түркілік бағытының негізін салушы, ғұлама. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде ол көне Сайрам (Исфиджаб) қаласында 1103 жылы дүниеге келіп, 1166-67 жылдары қайтыс болды деп жазылған Ал, Ясауи салған сопылық жолдың тарихы болып табылатын «Насабнама» қолжазбаларында деректер біршама өзгешелеу болып келеді, яғни, Ясауи өмірі әлі де толық зерттелуді қажет етеді.

Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибраһим шайх та өз заманының білімді адамдарының бірі еді. Бала Ахмет алғашқы білімді өз әкесінен алады. Кейіннен отырарлық ғұлама Арыстан бабқа шәкірт болады. Жиырма жасқа толғанда әкесі Яссы еліне сопылық ілім үйренуге аттандырады.

Қожа Ахмет Яссы елінде өмірінің соңғы жылдарына дейін болып, шайықтық қызмет етеді. Ол өз мақсатын жүзеге асыру үшін ұзақ жылдар бойына қорлық пен зорлыққа, кемісітушілікке төзуге мәжбүр болады. Отыз жыл бойы соңынан тас атып, қорлық көргені Түркістандағы ХІХ-ХХ ғғ. Имам –Хатиб Әбд-ал-Қадыр қари қолындағы қолжазбада жазылған.

«Насабнама» нұсқаларында да, «Диуани хикметте» де Қожа Ахмет Ясауидің, Жүсіп Хамаданиге шәкірт болғандығы айтылмайды. Ол дерек тек ХҮ-ХҮІ ғғ. бастап парсы тілді шығармаларда  кездесе бастайды. Бұл нақшбандийа шайхтарына өз тариқатын түркілер арасында тарқату үшін керек болды, және оны өз мақсаттарына шебер пайдалана білді.

Қожа Ахмет Ясауи қазіргі жинақталған деректерге қарағанда оның өмірі мен шығармашылығы әлі де толық зерттеуді  талап етеді. Бір деректер бойынша ол 1103 жылы туылып, енді бір деректерде 1166 жылдар шамасында қайтыс болған делінеді. Оның Бұхар қаласына барып Жүсіп Хамаданидан білім алғандығы туралы дереккөзді де толық зерттеу қажеттігі белгілі.

Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шыққан тегі, өскен ортасы, әдеби дәстүрі туралы мәліметтер аз сақталған. Бұған басты себеп, Кеңес үкіметі кезеңінде Ұлы ғұламаның өмірі мен шығармашылығы зерттелмей келді, ал өзі бірыңғай діншіл, мистик ақын, оның шығармалары зиянды деп теріс қорытынды жасалды. Сөйтіп Қожа Ахмет Ясауидің адамгершілік, имандылыққа үндейтін асыл жырлары жасырын ұсталып, мүмкіндігінше ұмыттыру мақсаты көзделді.

Ясауи өмірін зерттеуге үлкен үлес қосқан белгілі зерттеуші М.Е.Массон өзінің еңбегінде Қожа Ахмет Ясауидің қазіргі Түркістан қаласы орналасқан мекендегі Ясыда көзге түсіп, көне түркі шайхы Арыстан бабтың тәрбиесін алғанын, әкесі Ибраһимнің түрік нәсілінен шыққанын жазады.

Академик В.А.Гордлевский Қожа Ахмет Ясауиге арнаған еңбегінде оның арғы аталарының имам Әбу Ханифаға барып қосылатынын жаза отырып, оның ұрпағымыз дейтін қожалар Заравшан өлкесіндегі Иабу, Тоқшы дейтін қыстақтарда тұрады  дегенді айтады.

Түрік профессоры Ф.Көпіріліде, К.Ераслан да ақынның арғы тегінің Хазірет Ғалидің Мұхаммед Ханафиясынан басталатынын жазған. Ақсақ Темірдің жорықтарын баяндаған  оның тарихшысы Шарафеддин Ғали Иезди де осы пікірді «Зафарнама» атты кітабында келтірген.

Қожа Ахмет Ясауидің шығармашылығы

Ясауидің төл дүниетанымымыз бен мәдениетіміздің тарихындағы маңызын, оның мұрасының іздерін хатқа  түсірген рисалалар (трактаттар) арқылы да пайымдауға болады. Алдымен, Ясауи мәдениетінің айнасы ретінде танылатын «Диуани хикмет», «Пақырнама» және «Мират-ул-Кулуб» (көңілдің айнасы) рисаласын атап өту керек. Бұлар Ясауидің Хикмет, Хал ілімдерінің айнасы, иасауийа тариқатының  этикалық-моральдық және рухани тәжірибелік ерекшелігін көрсететін, оның жалпы дүниетанымының мәнін ашатын негізгі дереккөздері.

Ұлы бабамыз Ахмет Ясауидің атын асқақтатып, күллі дүниеге мәшһүр еткен аса баға жетпес асыл еңбегі «Диуани хикмет»-«Ақыл кітабы». Осы атақты еңбек Қазан төңкерісіне дейін әлденеше рет басылып, жұртшылық игілігіне айналған. Атап айтқанда 1887,1901жж. Қазан қаласында, ал 1897және 1901жж. Стамбулда өз алдына жеке-жеке кітап болып жарық көрді.

Диуани хикметте адамзаттың жарық әлеміндегі жарқын өмірімен бірге, бақи дүние, мәңгілік екінші ғұмыры да жан-жақты терең талданып, әр қырынан сөз болады. Бұл ретте сегіз пейіш, жеті дозақтың да шынайылығы, олардың өзіндік ерекшелігі айтылады. Бес уақыт намаз, отыз күн оразаны қаза қылмай, жетім-жесірге қарайласып, кісінің ақысын жемей, біреуді өсектеп, біреуді кемітпей сыйлаған адал адам Алланың шапағатына бөленбек.

Аса ойшыл жанның біздерге қатты ескертіп тапсырып кеткен ең бір аяулы өсиеті – адал еңбек. Кімде-кім аянбай жұмыс жасап тер төксе, ол жанның бағы әйтеуір бірде болмаса, бірде жанады. Ол туралы ғұлама ақын былай деген:

Зар жылаңыз,зар еңреңіз, рақымы келсін,

Адассаңыз рақымы келіп жолға салсын.

Қызмет қыл, Пірмұған қолыңды алсын

Еңбек еткен мұратына жетер достар!

«Диуани хикмет»

Өзін бұғаулап, босатпай тұрған арам ой, жасанды пиғылдан арылу үшін ұлы бабамыз былайша тебіренеді,

Құл Қожа Ахмет, Хақтың атын есте сақта

Хақтан қорқып, тынбай жылап, түнде жатпа

Намаз оқып, ораза ұста әр ақшамда

Солай болып мұратыма жеттім менә.

«Диуани хикмет»

Қожа Ахмет бабамыз «… пенденің ешқайсысы да дүниенің түбіне жеткен емес, сол себепті бір жаратушыдан жалбарынып кешірім өтінсін» дей келіп,

Сенен бұрын жарандарың қайда кетті

Бұл дүниеге көңіл бөлмей жылап өтті,

Ғұмырлық тәмәм болды,нәубет саған жетті,

Күнәң үшін тәубә қылғыл, Ей,батшағар!

«Диуани хикмет»

«Диуани хикметтің» қай бетін ашсақ та, оның әрбір сөзінің астарынан ұлылық, парасаттылық, даналықтың ішкі иірімдері, ел жұртын адалдыққа бастаған меруерттей мөлдір сезімдер байқалып тұрады.

Пақырнама – Қожа Ахмет Ясауидің Рисаласы

Бұл еңбегінде Қожа Ахмет Ясауи  Шариғат, тариқат, мағрифат, хақиқаттың әрқайсысы он-оннан қырық мақамнан тұратынын жазады.

Шариғат – тура, дұрыс жол. Мұсылмандардың иманын айқындап, адамгершілік мұрағаттары мен діни ожданын қалыптастыратын, сондай-ақ олардың мінез-құлқын реттеуші нақтылы өлшемдер бастауы болып табылады.

Тариқат- жол, сапар. Шындықты мистикалық жолмен танып білу тәсілі. Тарика – моральдық-этикалық жүйенің әлдебір жиынтығы мен психологиялық тәсілдердің тәжірибелік әдістері. Дамудың осы сатысындағы тарика – «тұрақ» арқылы алынған рухани тәжірибенің психикалық-экстатикалық күймен бірлік байланысының нәтижесінде екенін білу, мистицизмнің мәнін бірте-бірте меңгеру тәсілі болды.

Мағрифат- Алланы танудың сопылық концепсиясы. Мағрифат суфизмнің тәжірибесімен тығыз байланысты. Оның негізінде өзін-өзі тану жатыр. Мағрифат концепсиясы суфизмнің көптеген негіздерімен тығыз байланысты. Мағрифатуллах – Алланың болмысын және танымын білдіретін сөзтіркес. Адамның Алланың сипаттарын, көркем есімдерін (99-Алланың аты) ойлауы, еске алуы міндетті. Мағрифатуллах – Хақ (Аллах) хақында ішкі (көңіл) тәжірибе арқылы немесе ешбір құралдың  көмегінсіз танымға ұласу дегенді білдіреді.

Хақиқат – шынайы, нағыз ақиқат – мистикалық жолдың жоғары сатысы. «Ақиқатқа жету» тек қана мистикалық тәжірибеге тіреледі. Сонымен қатар жеке тәжірибе, дара, өзіндік жігер арқылы ғана жетеді. Адамның өзін тануы Алланы тануға, тұтастан, бүтіннен  бөлшекке айналады. Алланы тану жолында, өзіңнің ішкі «менін» жою, Ақиқаттың «менін» бекіту болып табылады.

Шариғатты – «жабарут» — тәңір құдіретінің әлеміне,

Тариқатты – «малакут» — тәңір билігінің әлеміне,

Мағрифатты – «лахут» — қол жетпейтін тәңір иесінің әлеміне,

Хақиқатты – «насут» — әділ, ақиқат әлеміне

қатысты екендігін айтады. Адам бұл мақамдарды түгел игергенде, өзіне иллаһи күш-қуат кіреді. Рухындағы күштің  Алланың сыйы, нұры, жаратылыс сыры екендігін таниды.

Пақырлықтың  алты әдебі мен сегіз мақалы туралы Қожа Ахмет Ясауи Сұлтан-ул арифин былай дейді.

Пақырдың алты әдебі бар, олар-

-Жақсы-жаман сөзге тыныштық қылмақ,

-Уа, Пір алдында тыныш болмақ,

— Уа, Пірдің ижазатысыз сөйлемеу,

— Уа, Хас ғалымның қызметін қылмақ,

— Уа, нәпсін өлтірмек,

— Уа, анайы істі тәрк қылмақ.

Пақыр мақалы сегіз тұрар.  Әуелі – Тәуба, Ғибадат, Махаббат, Сабыр, Шүкір, Ырза, Захид, Ариф. Бұл нәрселердің әуелі –

Тәуба – Хазреті Адам әлейһис сәлемнен қалды.

Ғибадат- Хазреті Ідіріс әлейхис сәлемнен қалды,

Шүкір мен Махаббат – Хазреті Ибраһим әлейһис сәлемнен қалды.

Сабыр – Хазреті Айюб әлейһис сәлемнен қалды.

Ырза – Хазреті Мұса әлейһис сәлемнен қалды

Захид – Хазреті Иса әлейһис сәлемнен қалды.

Ариф – Хазреті Мұхаммед Мұстафа  сәллаллаһи әлейһи  уассаламнан қалды.

Қожа Ахмет Ясауидің және бір Фатаба – и – танбих атты шығармасы болғандығы туралы деректер кездеседі. Өкінішке орай ол шығарма әлі күнге дейін табылған жоқ.

Ясауи ілімінің зерттелуі

Қожа Ахмет Ясауи туралы алғашқы мақалалар орыс әскерлері Түркістанды алғаннан кейін-ақ көріне бастады. Ол мақалалардың негізгі тақырыбы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы  араб жазулары, кімдердің жерленгендігі, діни қызметшілері туралы болды.  Бұл зерттеулерде Ясауидің рухани мұрасына терең де толық үңіліп зерттеу мақсаты болмады.

Кеңес үкіметі орнағаннан кейін, Ясауиге, сопылық ілімге қатысты зерттеулер мүлде тоқтатылып, олар тек кесененің сәулет ерекшелігіне қарай ойысты. Ясауи мұрасын толық зерттеулер шетелдік ғалымдар тарапынан жүргізілді. Әсіресе, түрік ғалымы Фуад Көпрүлүнің «Түрік әдебиетіндегі алғашқы сопылар» атты еңбегі күні бүгінге дейін өзінің құндылығын жойған жоқ. Ол Қожа Ахмет Ясауи мен оның рухани мұрасы, тариқаты туралы жазылған алғашқы еңбек болатын.

1990 жылдары Қазақстан мен басқа Орта Азия мемлекеттері тәуелсіздік алғаннан кейін Ясауидің рухани мұрасына деген қызығушылық күрт артты. Қазақстан мен Өзбекстан ғалымдары біршама белсенділік танытып, «Диуани хикмет» аудармаларын баспадан шығарды. Қожа Ахмет Ясауидің өміріне, рухани мұрасына қатысты жаңа зерттеу мақалалары жарияланып, жаңа дереккөздері ғылыми айналымға енгізілді. Ясауитануға үлес қосушы қазақстандық ғалымдар М.Жармұхаммедов, М.Шафиғов, С.Дәуітов, А.Абуовтарды атауға болады.

Сондай-ақ Ясауи ілімінің төл мәдениетіміз бен тарихымыздағы орны және сабақтастығы туралы зерттеулер де қалыпты жүйеге түсе бастады. Белгілі академик Ә.Нысанбаев өз еңбегінде  Қазақстандағы исламдық мәдениеттің қалыптасуындағы Әл-Фараби, ибн-Сина, Баласағуни, Қашғари, Иүгнеки,Бақырғани, Абай және Шәкәрім ілімдерінің маңызы мен орнына жүйелі түрде тоқталып, заман талабы тұрғысынан нақты баға берген.

ШӘКІРТТЕРІ — Қожа Ахмет Ясауидің Сүлеймен Бақырғани, Мұхаммед Данышманд Зарнұқи, Ғашық Жүсіп, Маулана Сафи ад-дин Орұң Қойлақы т.б. шәкірттері болды. Осы шәкірттері Ясауи жолы тармақтарының негізін қалады. Қожа Ахмет Ясауидің бұл шәкірттері аса талантты кісілер еді.  Сүлеймен Бақырғани иасауийа тариқатын  Үргеніш, одан әрі Маңғыстау жеріне таратты. Оның қаламынан көптеген шығармалар шықты. Қабірі Үргеніште.

Мұхаммед Данышманд Зарнұқи – ұстазының бұйыруымен Отырар еліне барып, сопылық қылды. Ол жерде көптеген жылдар бойы халыққа ілім үйретіп , ханака салдырды.  Рашид-ад-диннің «Жылнамалар жинағы» атты еңбегінде осы Мұхаммед Данышманд Зарнұқидың Шыңғыс хан әскері мен жергілікті халық арасында елші болып, халықты қырылудан аман сақтағанын айтылады.

Маулан Сафи ад-дин Орұң Қойлақы – «Насабнамадағы» деректерге қарағанда Қожа Ахмет Ясауидің орнында отырған, ұстаздық еткен. Иасауийа тариқатының тарихы «Насабнаманы» араб тілінен түркі тіліне аударған. «Насабнама» нұсқаларында Ясауи шәкірттерінің түркі дүниесінің төрт бұрышына түгел тарағаны айтылады. Сүлеймен Бақырғани Үргеніш, Маңғыстау жағына  Ясауи жолын таратса, Сопы Ахмет – Алмалық, Қойлық елдеріне таратты.

Бірақ Ясауи жолы өзгелерге ұнай қоймады. Хорасан мен Хорезмнен келген ғұламалар мен Қожа Ахмет Ясауи арасындағы ілім сайысы әр кез Ясауидің пайдасына шешіліп отырады. Ол текетірестің соңы ірі қақтығыстарға ұласты.. Хорезмшах Мұхаммед Сұлтан Қарахандық хандар билігін түгелімен жойды. Хорезмшахтың бұл  әрекеті жергілікті халықтың наразылығын тудырды. 1219 жылы Шыңғыс хан әскері Сыр бойына келгенде халықтың  көпшілігі моңғолдар жағына шықты. Осы аласапыран кезде иасауийа шайхтары халықтың қырылып кетпеуі үшін әрекет жасады. Мысалы: Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті Мұхаммед Данышманд Зарнұқи өзінің туған қаласы Зарнұқ халқын Шыңғыс хан әскеріне өз еркімен берілуіне ықпал жасап, қаланы қиратудан, халқын қырылудан аман алып қалады. Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейін шамамен 100 жыл өткенде иасауийа шайыхтары Садыр ата, Бадыр ата, Саийд ата, Ұзын Хасан аталардың күшімен иасауийа тариқаты Алтын Орда мемлекетінің мемлекеттік идеологиясына айналады.

Сопылық  ілім

Суфизм — бүкіл ислам дүниесіндегі мәдени және әлеуметтік жағынан сара жолы бар, өзіндік табиғаты  бар, ислам діні аясында туған діни мистикалық ағым.

Суфизм – ( арабтың  «ат-Тасаууф» ) – мистикалық аскеттік ағым. Бұл ағымның шығуына себепші болған тақуалық ниет исламмен бір мезгілде пайда болды. Оның ең алғашқы өкілдері Мұхаммед пайғамбардың сахабалары Әбу-д-Дарда, Әбу-Зарр Хузайфа болды.

Алғашқы дәруіштер бір-біріне достық сеніммен анттасқан топтар құрып, өздерін суфилерміз деп атаған. Мекке және Медина қалаларында мұндай келісім құрған кісілер мұсылман мистиктерінің орталығын құрды.

Алғашқы Халифа Әбу Бәкір және төртінші Халифа Әли дәруіштердің жиылып, рәсімдерін атқаруы үшін арнайы жерді бекітті. Дегенмен, ғылымда  исламдағы тақуалық – мистикалық ағымның қалыптасуын ҮІІІ ғасырдың ортасы мен ІХ ғасырдың басына жатқызады.

Сопылық ілім әуелден-ақ дүниенің тетігін адамға тән деп таныды. Оларға адамның жан дүниесінің нәзік құбылыстарына талдау жасау, адам әрекеттерінің құпия себептеріне, өз басының қайғысына назар аудару, діни шындыққа іштей барлау жасау сияқты ерекшеліктер тән.

Суфизмнің негізін салушылардың бірі « жүрек пен пиғыл» (әл-кулуб ва-л-хауатир) және адам ниеті туралы ғылымның негізін салушы, психолог әл-Хасан әл-Басри саналады. Оның шәкірттері мен ізбасарлары Рабаха бин Әміре Рабии ал Адауии,  әл-Дарани (ҮІІ ғ. аяғы мен ІХ ғ. басы) өз уағыздарында, Құдайға деген шексіз сүйіспеншілік, оны үнемі аңсау, соған жақындасуға талпыну әрекеттері көріне бастады.

Х-ХІ ғасырларда сопылық тіршіліктің, дүниеге деген көзқарасы  әлемге кең тарап, суфизм жақтастары молая түсті. Исламдағы басқа идеялық діни ағымдардан өзіндік ерекшелігі бар, өз поэзиясы, әдебиеті, тарихы бар сопылық  ілім  дүниеге нық қадам басты. Сопылық  білім  мен  «шапағаттар»   ( барака) шейхтан мүридтерге ұзақ оқудың жолымен тарады, оқыту аяқталған соң шәкірті ұстазынан сопылық шекпенін ( хирка) алатын болған. Ол киім өзінше диплом орнына жүрді, осыдан кейін ол өз бетімен уағыз жасауына ерік берілді.

ХІІ-ХІІІ ғасырларда сопылық ілім жалпы мұсылман қоғамының діни өмірінде үлкен мән алды. Оның идеясының түбегейлі тұрақтануында әл-Ғазали зор еңбек сіңірді. Ол сопылық тәжірибенің кейбір басты тұлғаларының өмірге құқылы екендігін жақтады. Мысалы – Зікір салу, жалғыздану ( халуа)

Сопылардың өмір сүру заңын ұлы ұстаз, шейх Абдоллах Ансари мына алты қағидадан тұрады деп есептейді.

Жасқа – мейірім , Кедейге – қайырым,  Досқа – кеңес , Дұшпанға – кешірім, Ақымақты – елемеу, Білімдарды – құрметтеу . Ал ортағасырлық сопы Сұлтан Санжар «Тірлігіңде тек жақсылық жаса, адамнан болмаса да Алладан қайтады»дейді.

ТАРИҚАТ- ( бауырластық )- тарика әдісі- силсила мен шартты ұйымның бірлігі. Мистикалық жол сопылардың түсінігінше, мистикалық барлық ілімдер мен тарика жүйесіндегі ерекше мән берілген тәжірибелік әдістердің жиынтығы болып табылады., бауырластық та сол арқылы таралады.

СИЛСИЛА – ( тізбек, қатар) – рухани сабақтастық тізбегі, мистикалық жолдың ерекше жүйедегі рухани таратушылардың өзіне тән оқыту әдістерімен, тәжірибе және рәсім ерекшеліктерімен, сондай-ақ тиісті өмір тәртібімен үздіксіз жалғасатын генеологиялық тізбегі. Силсила сопылық бауырластықтың, мистикалық инсаны, оның өзінен бұрынғы барлық басшы шейхтары генеологиялық тізбектің аралық буыны болып табылады және оның негізін салушының рухани мирасқоры болып табылады.

Бауырластықтарда силсиланы білуге аса зор мән беріледі, өйткені ілім жақтаушыларды ұстаз арқылы тәңірі рахымынан сабақтасып, осы силсила арқылы ілгері жалғасады және онсыз дін жолына түсу мүмкін емес деп есептелінеді.

ХІІ-ХІҮ ғасырларда суфизмде бауырластықтың 12 негізі немесе аналық бауырластық жолы дәстүрлі түрде кең тарады. Олар. Рифаийа, Иасауийа,Жазилийа(Шазилийа), Сухравардийа Чичтийа, Кубравийа, Бадавийа, Кадирийа, Бекташийа, Халватийа,Накшбандийа, Маулавийа. Бұлар басқа көптеген тариқат тармақтарының басы болып саналады.

Қазақстан жеріне ислам дінінің таралуы

ҮІІ-ғасырда Адамзат тарихындағы түбегейлі өзгеріс болып, дүниеге ислам діні келді. Ислам дінінің келуімен көне империялар құлап, жаңа мемлекеттер дүниеге келді. Бұл әлемдік үдерістен түркі әлемі де тыс қалған жоқ. Түркілер алғаш рет шегінген парсы әскерлерін қуа келген ислам-араб әскерлерімен алғаш рет қазіргі Ауғанстанның батысында 642 жылы қақтығысқа түсті. 712-713 жылдары Қапаған қаған мен Тоныкөк әскерлерімен айқасқа түскен Кутейба ибн Муслим, оларды шығысқа шегінуге  мәжбүр етті. 738 жылы Сулық қағанды Баға Тарханның өлтіруі, Түргеш мемлекетін майда иеліктерге бөлшектеп жіберді. Осы кезде алғаш рет Наср ибн Саййар бастаған араб әскерлері Шаш, Отырар сияқты қалаларды басып алды. Бірақ түркілер араб билігіне толық мойынұсынған жоқ. Керісінше, халифат ішіндегі ішкі қайшылықты өздеріне қарсы пайдалануға әрекет жасады. Халифат орталықтарында қуғынға ұшыраған Али ибн Абу Талиб ұрпақтары түркілер арасынан қолдау тауып отырды. Олар осы жерде алғаш рет 766-767 жылы Қарлұқ-қарахан, Сырдың төменгі  ағысында Оғыз мемлекетін дүниеге келтірді.

«Насаб-нама» нұсқаларында Түркістан жеріне алғаш ислам дінін әкелуші, Түркістан жеріндегі алғашқы ислам мемлекетінің негізін салушылар ретінде Исхақ баб, Абд ар-Рахим баб, Абд ал-Жалил бабтардың аты аталады.

Қожа Ахмет Ясауи еңбектерінің тізімі 

Қожа Ахмет Ясауи туралы еңбектер тізімі

 

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games