Осы ереже Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ АРО – ның (әрі қарай «кітапхана») «Кітапхана туралы нұсқаулығы» негізінде құрылған және жалпы оқырмандарға қызмет көрсету тәртібін, оқырмандар мен кітапхана арасындағы міндеттері мен құқықтарын ретке келтіріп отырады.
1.Оқырман құқықтары
Оқырман құқылы:
- Кітапхана ұсынған кітапханалық – библиографиялық және ақпараттық қызметтерді пайдалануға;
- Кітапхана қоры құрамы бойынша толық ақпарат алуға, ақпарат көздерін іздеу және таңдауда кеңес көмегіне жүгінуге құқылы;
- Құжаттарды уақытша үйге немесе оқырмандар залында қолдануға құқылы;
- Құжаттарды немесе олардың көшірмелерін белгіленген электронды құжаттарға қол жеткізу тәртібі бойынша алуға құқылы;
- Кітапханада өткізілген іс – шараларға қатысуға;
- Кітапхана әкімшілігіне түрлі сұраныстар және ұсыныстар тастауына;
- Уақытша үйге кітап алуға : білімгерлер 2 кітапты – 3 күнге; оқытушылар 3 кітапты – 10күнге.
- Оқырман міндеттері
Кітапхананы қолдануда нақты Ережелерді орындау:
- Кітапханадан алынған құжаттарға ұқыптылықпен қарау, белгіленген уақытта қайтару;
- Құжаттарды алысымен әрбір басылымдарды мұқият қарап, ақауы болса кітапханашыға баяндауға;
- Құжат беттері жыртылып қалған жағдайда, соңғы пайдаланған оқырман жауапты.
- Жыл сайын оқу жылының соңында өзінің атына тіркелген барлық құжаттарды тексеруге;
- Құжаттарды жоғалтқан немесе жыртқан жағдайда, оларды кітапханашы құны тең деп санаған құжатпен немесе жалғыз даналы құжатпен алмастыруға.
- Құны тең құжатпен алмастыра алмаған жағдайда, жоғалған басылымның құнын бес есе көлемінде төлеуге;
- Университеттен шыққан жағдайда, кітапханаға өзінде жазылып тұрған барлық құжаттарды тапсырып, кету қағазына қол қойдыру керек.
- Кітапхана ішінде тыныштық және тазалық сақтауына, басқа оқырмандармен сондай – ақ, қызметкерлермен дұрыс қарым – қатынаста болуына;
- Университет оқытушылары мен қызметкерлері оқу жылы соңында, 1 шілдеге дейін алған құжаттарын өткізіп кетуге немесе пайдалану уақтысын ұзартуға (2 кітапты ғана); кезекті еңбек демалысына шығу барысында кітапханаға қарыз еместігі жөнінде бақылау парақшасын алып және оны бухгалтерияның есеп айырысу бөліміне өткізуі керек.
- Оқырмандарға рұқсат етілмейді:
- Кітапханадан оқырманның электронды формулярына жазылмаған құжаттарды алып шығуына;
- Өз оқырман билетін өзге оқырманға беруге;
- Кітапхана аумағына сырт киіммен, сөмкемен кіруіне;
- Кітап қоймалары мен қызметкерлер бөлмесіне рұқсатсыз кіруге;
- Құнды кітаптар, альбомдар, атластар, энциклопедиялар, сөздіктер, мерзімді баспасөз басылымдары, диссертациялық жұмыстар, жалғыз дана кітаптар үйге берілмейді. Оқырман ол кітаптарды тек оқу залында пайдалана алады.
- Университет кітапханасының құқықтары мен міндеттері
Кітапхана оқырман құқықтарын жүзеге асыра отырып:
- Университетте оқытылатын мамандықтарға сай кітап қорын қалыптастыру;
- Оқырмандарды кітапхана қорының қағаз нұсқасына, электронды және басқа да түрінде қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- Оқырмандарға кітапхана қорының құрылымы жайында, электронды мәліметтер қоры және басқа кітапханалық – ақпараттық мәлімет түрінде жеткізу;
- Оқырмандарға ақпарат көздерін іздеуде және таңдауда кеңес беру, олардың ақпараттық мәдениеттерін арттыру;
- Сақтаулы және пайдаланылып жүрген кітапхана қорынан табылған құжаттарға есеп жүргізу;
- Кітапхана қорының сақталуына жауапкершілікпен қарау;
- Ақпараттық – танымдық жұмыстарды өткізу, оқырмандардың ішкі құндылықтарын арттыратын, ғылыми дүниетанымын, шығармашылық ойлауын кеңейтетін кең ауқымды шаралар өткізу;
- Кітапханада оқырмандардың жұмыс жасауы үшін жақсы жағдай жасау.
- Оқырмандардың кітапханаға жазылу тәртібі
- Кітапханаға жазылу барысында оқырман белгіленген тәртіп бойынша нақты ережелермен танысады және оқырман билетін алады.
- Студенттер, магистранттар және аспиранттар университетке қабылданғаны жайлы бұйрық және 2 фотосурет негізінде кітапханаға жазылады.
- Оқытушылар мен қызметкерлер үшін жеке куәлігі, кадр бөлімінен анықтама және 2 фотосурет қажет.
- Оқырман билетінің жарамдылық мерзімі – 1 оқу жылы; оқырман билеті әр оқу жылында қайта тіркеуден өткізіледі.
- Оқырман билеті суретімен, штемпелімен, қайта тіркеуден өткендігі жөнінде белгісімен ғана жарамды.
- Кітапхананың электронды оқу залын пайдалану ережелері
- Оқу залында қызмет көрсету оқырман билеті бойынша жүргізіледі.
- Алғашқы рет залға кіргенде пайдаланушы зал қызметкерінен тіркеуден өтеді және залды пайдалану ережесі және техника қауіпсіздігі бойынша нұсаулықпен танысады.
- Интернет желісі арқылы оқу үрдісіне қатысты мәлімет іздеу барысында ізделінетін ақпарат тақырыбы арнайы журналға тіркелуі тиіс.
- Интернет желісінде жұмыс жасау үшін студенттер үшін 1 сағат, оқытушы, аспирант, магистранттар үшін 2 сағат уақыт беріледі.
- Пайдаланушылар құрал – жабдықтарға жауапты қарауы міндетті, компьютерлік құрылғылардың істен шыққанын көрсе, жедел түрде зал қызметкеріне хабарлауы керек.
- Жеке хат алмасуға рұқсат етілмейді;
- Басқа бағдарламаларды үйренуге, жеке жұмыстарын жазуға, өз дискісімен жұмыс істеуге, ойын ойнауға, кино көруге рұқсат етілмейді.
- Компьютердегі параметрлерді өзгертуге қатаң тыйым салынады.
- Жүйедегі бас компьютерді оқырмандардың пайдалануына рұқсат етілмейді.
- «Кітапхананы қолдану ережесін» бұзғаны үшін оқырман жауапкершілігі:
- Осы ережені жүйелі немесе дөрекі түрде бұзатын оқырмандар, кітапхананы пайдалану құқығынан 1 ай және одан да көп мерзімге айырылады.
- Осы ережелерді дөрекі бұзғандар туралы мәлімет деканатқа қарастыруға жіберіледі.