«Бір ел –бір кітап» акциясы

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

2019 жылдың жыл кітабы болып Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» және Ә. Тәжібаевтың өлеңдері таңдалды.

«Бір ел – бір кітап» акциясының тарихы :

2018 – Н.Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» , Б.Момышұлы «Ұшқан ұя», Ш. Құдайбердіұлының поязиясы

2017 – С. Торайғыров шығармалары

2016 – Д.Бабатайұлының шығармалары

2015 – И.Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясы

2014 – С.Мұратбеков «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның…»

2013 – Ф.Оңғарсынова «Дауа»

2012 – О.Бөкеев шығармалары

2011 – Ж. Аймауытов  «Ақбілек» романы

2010 – Ж. Молдағалиев «Мен – қазақпын»

2009 – М.Жұмабаев  лирикасы

2008 – М. Әуезов  «Қилы заман»

2007 – Абайдың   «Қара сөздері»