Кітапханашылар күні тойланды

15-қазан Кітапханашылар күні жоғары деңгейде аталып өтті. Жиынға кітапханашылар мен оқытушы-профессор құрамы және де студент жастар қатысты.
Аталған шарада оқу ордамыздың ректоры Жанар Амангелдіқызы мен Академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Қайсарбайқызы арнайы құттықтау сөз сөйлеп, кітапхана саласында белсенді қызмет атқарып жүрген бірқатар мамандарға алғыс хаттармен сый-сияпат табыстады.
Сонымен қатар вице-ректор Эльмира Идрисова кітапхана ұжымына атаулы күнге арнайы Кітап үлгісіндегі тәтті тортты сыйға тартты.
Мерекелік кеш арнайы концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты.
Білімнің кілтін іздеген оқырман мен кітап арасындағы алтын көпірдің негізін қалаушы осы кітапханашылар. Кітапхана – білім мен ғылым ордасы. Бұл демалуға, ойлануға, әрине көп нәрсе білуге болатын жер. Бір сөзбен айтқанда кітапхана – ғылым отаны. Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын құрметті кітапханашылар!

 

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games