Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кітапханасы өз қорынан 3 ауданға кітаптар мен журналдарды тарту етті.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және ауыл мен мектеп кітапханаларын қолдау мақсатында жалпы республикалық акция ұйымдастырып жатыр. Оқу ордамыздың Кітапханасы да осы науқанға қосылды.
Кітапхана директоры Меруерт Абсеметованың сөзінше, акция аясында 85 кітап 3 ауданның орталықтандырылған кітапхана жүйесіне үлестіріледі. Оның ішінде Сауран, Ордабасы және Отырар аудандарының орталық кітапханалары бар.
«Университет тарапынан мұндай шаралар жиі ұйымдастырылады. Үздіксіз жүріп жатқан жұмыс деп айтуға болады. Ауыл кітапханаларының қорын байыту – жалпы республика бойынша өткізіліп жатқан науқан. Біздің университет те осы акция аясында өз қорымыздан кітаптарды беріп жатыр. «Кітап – білім бұлағы» демекші, қанша электронды нұсқасы шыққанымен, қағаз кітапқа жетпейді. Сондықтан, кітаптің қадірін білейік!», – деді шараға қатысқан университетіміздің Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев.
Айта кетейік, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өзге университет, мектеп және т.б. ұйымдарға әрдайым көмек қолын созып, резервтегі кітаптарымен бөлісіп, көмектесіп отырады. Бұған дейін Сабыр Рахимов атындағы Шымкент Республикалық «Жас Ұлан» мектебіне – 335 дана кітап; Халықаралық Туризм және меймандостық университетіне – 680 дана; «Bereke City» қайырымдылық қорына балалар әдебиеті мен журналдар; Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мемлекеттік ИЧ – 167/9 мекемесіне 300 дана кітап берілді.

 

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games