Түркістан –түркі әлемінің рухани астанасы

2021 жылдың 31 наурызында Түркістанда өткізілуі жоспарланған Түркі Кеңесінің бейресми саммиті карантинге байланысты онлайн өткен болатын. Түркітілдес мемлекет басшыларының ортаға салған пікірлеріне қарап Түркістан қаласы мен оқу орнымыздың мәртебесі асқақ екенін аңғаруға болады. Соның ішінде   Түркі өркениетін жаңғыртуды , ең алдымен, Ясауи мұрасы мен қасиетті Түркістанды әлемге танытуда «Түркістан –түркі әлемінің рухани астанасы» деген статус бізге ерекше серпін берді.

Осы өткен саммиттің маңыздылығын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында  А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің  кітапханасы «ТҮРКІ  ӘЛЕМІ » атты ауқымды кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде  жалпы түркі дүниесінің тарихы, жаңа келбеті кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, барлық түркітілдес мемлекеттердің тарихын, қазіргі жағдайын айшықтап көрсету мақсатында кітаптар, қосымша мәліметтер қойылды. Түркітілдес ұлттар арасында бауырластық байланыстар мен достықты, мәдениетті ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп , оны әлемге танытатын  ТҮРКСОЙ ұйымына да үлкен басымдық берілді.

     

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games