Рух жауынгері Серікбол Қондыбайға арнап конференция өткізілді.

Маусым айының 16-17 жұлдызында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік  университетінің  Түркология ғылыми – зерттеу институты, Түркістан және Маңғыстау облыстары әкімдіктерімен бірге «Серікбол Қондыбай және түркі мифологиясының зерттелуі » атты III Халықаралық ғылыми – теориялық конференция өткізілді. Университет  кітапханасы  іс – шараға екі бөлімнен тұратын, ауқымды кітап көрмесін ұйымдастырды. Қазақтың тарихын, мәдениетін, салт – санасын жаңғыртуда сүбелі үлес қосқан және түбегейлі зерттеуде зор еңбек еткен қазақтың өлкетанушы, географ, публицист, этнограф ғалымы Серікбол Қондыбай еңбектері  кеңінен насихатталып, ғылыми тұрғыда жоғары бағасын алды. Конференция  барысында «Серікбол Қондыбай»  атындағы  музей  әкімшілігі    кітапханаға  кітаптар сыйлады.

 

 

idnslot poker qq pokerqq jayatogel agen betting slot gacor slot88star dominoqq idn poker pkv games